Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жастар саясаты > Өнер байқауы жарияланды

Өнер байқауы жарияланды

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті мен «Музыка және хореография» кафедрасы  Ұлы Жеңістің 75 жылдығына  орай «Ұлы жеңіс» тақырыбында  патриоттық онлайн өнер байқауын жариялайды.

Байқау 2020 жылдың 27 сәуір-06 мамыр  аралығында өтеді.

БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ:

«ВОКАЛ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта  бір әнді жанды дауыста орындайды.  Әнді арнайы аранжировканың сүйемелдеуімен  немесе акапелла түрінде орындап, оны видеоға түсіріп жіберу қажет (Дуэт, трио, квартет т.б.) (whatssapp 87021045714 -Айнұр Темірханқызы)

«КӨРКЕМ СӨЗ» жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан Соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта өзіне ұнайтын автордың бір өлеңін мәнерлеп оқып, оны видеоға түсіріп жіберуі қажет. Уақыты – 2 минуттан аспауы шарт. (whatssapp 87788073555 — Нұржан Байгелдіұлы)

«МҮШӘЙРА»  жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта өлең шығарып, оны  электронды нұсқасын Departament_sb_mp@mail.ru электронды почтасына жіберуі қажет.  Өлең шумақтары он шумақтан аспау керек.

«АСПАПТА ОЙНАУ»  жанры бойынша қатысушы патриоттық тақырыптағы шығарманы музыкалық аспапта орындап, оны видеоға түсіріп жіберуі қажет. (whatssapp 87021045714 — Айнұр Темірханқызы)

«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ»  жанры бойынша қатысушы Ұлы Отан Соғысы тақырыбында немесе патриоттық тақырыпта бір сурет салып, Departament_sb_mp@mail.ru электронды почтасына жіберуі қажет. Суреттің форматына шектеу жоқ.

 

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефондары — 87012519538, 87472499538 Айгүл Сексенқызы.