Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер радиосы жұмысын бастады

Студенттер радиосы жұмысын бастады

Жаңа оқу жылында  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Arsu MEDIA» орталығы ашылған болатын. Аталмыш орталық «Қазақстан» РТРК» АҚ қарасты «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалымен меморандум негізінде құрылды. Центр «Arsu MEDIA»орталығы облыстық телеарналар жəне радио негізінде қызмет атқарады.

Орталық жанынан  студенттерге «Arsu FM» студенттер радиосы жұмысын бастады. Радионың мақсаты — университет студенттерін ақпараттармен қамтамасыз ету.

Радио — студенттердің жетістіктері жəне оқытушыларды туған күндерімен құттықтау сынды бағдарламаларды жүзеге асырады. Сондай-ақ, «Arsu MEDIA» орталығы студенттердің шығармашылығын шыңдап, болашақта телеарналар мен радиоларда жұмыс жасауға септігін тигізеді.