Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қос команда жүлдемен оралды

Қос команда жүлдемен оралды

Өткен аптада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласында өткен Nur Otan партиясының ауыспалы кубогына арналған ХІХ республикалық пікірсайыс турнирінде ақтөбелік жастар жүлделі ІІ орынды иеленді.

Аталған турнирге еліміздің барлық өңірінен 20 команда қатысты. Турнир қазақ және орыс тілдерінде өтті.

Республикалық пікірсайыс турниріне қазақтілді командалар арасында ақтөбелік Исламбек Бітімбай мен Айсұлтан Таубай, орыстілді командалар арасында Нұркен Жәкен мен Рүстем Арманов жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Айта кету керек, бұған дейін облысымызда іріктеу турнирі өткізіліп, оған 16 команда қатысқан болатын. Нәтижесінде республикалық кезеңге екі команда жолдама алған.

 

  Д.АЙДАР

/aqtobegazeti.kz/