Воскресенье, Февраль 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мәрзия Жақсығарина Вологдадағы 6-шы Бүкілресейлік экслибрис конгресінде

Мәрзия Жақсығарина Вологдадағы 6-шы Бүкілресейлік экслибрис конгресінде

2017 жылдың 22 тамызында Вологда қаласында 6-шы Бүкілресейлік экслибрис конгресі өз жұмысын бастады. Конгреске Ресейдің 14 өңірінен және Қазақстан, Белоруссия, Литва, Эстония, Латвия, Украина елдерінен танымал 145 шебер қатысты.

Аталмыш Конгреске Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ өнертану кафедрасының профессоры, Суретшілер одағының мүшесі — Мәрзия Жақсығарина Бүкілресейлік экслибрис конгресінің лауреаты ретінде шақырылды. 6-шы Конгресс аясында өткен жылғы көрменің барлық жеңімпаздарының көрмелері және арнайы көрмелер ашылды. Өз экслибристерімен мақтаныш сезімін оятатын Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенттері  — Дәурен Сапақов, Абылай Болат, Руслан Ұрқымбаев, Ағиля Жетпісова, Әлия Ермағанбетова, Гауһар Сисенғалиева, Екатерина Аманжолованың жұмыстары қатаң іріктеуден өтті. Олардың экслибристері Конгресс көрмелерінде Ресейдің және шетелдің танымал шеберлерімен қатар ұсынылды.

6-шы Бүкілресейлік конгресс бағдарламасы суретшілер, қонақтар және коллекция жиюшыларға арналып ұйымдастырылды. 6-шы Конгресс аясында атақты графиктер Мәскеу суретшісі Юрий Ноздрин, Санкт-Петербург суретшілері Олег Яхнин, Павел Пичугин мастер-кластарын өткізді. Конгрестің қатысушылары Вологда облысының БАҚ үшін баспасөз конференциясын өткізді. Онда профессор, суретші М.Жақсыгарина Қазақстанның атынан сөйледі. Конгресс барысында ресейлік суретшілер В.Пичугин, Е.Новикова, белорустық суретші — 4 курс студенті Г.Сидоренконың жеке көрмелері, сондай-ақ, коллекция жиюшылар Г.Курочкина-Домашенко, Я.Малоземова, С.Трессердің жинақтарынан — «Дүниеден қайтқандарды еске алу» атты көрме ашылды. Соған қоса Ресей солтүстігінің шаһары — Вологда қаласына экскурсия өткізілді.

Корбаковтың үйінде көрмені өткізгеннен кейінгі барлық экслибристер Вологда сурет галереясына сыйға беріледі, онда әлемдегі заманауи экслибристердің топтамасы сақталуда. Галереяда 15 мыңнан астам бірегей шығармалар бар, ал Конгресстен кейін 1500-ға жуық жұмыс қосылады.

26-шы тамызда Вологдадағы 6-шы Бүкілресейлік экслибрис конгресі өз жұмысын аяқтады және шағын гравюраның осы ерекше саласына шығармашылық белсенділікті жандандыруға қуатты серпін берді.