Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбелік студенттердің білімді шетте шыңдау мүмкіндігі бар

Ақтөбелік студенттердің білімді шетте шыңдау мүмкіндігі бар

Ақтөбелік студенттердің білімді шетте шыңдау мүмкіндігі бар

Ақтөбеде халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр.

Шетелде білімін жалғастыруға мүмкіндік алған жергілікті университеттердің кейбір студенттері қазір ұзартылған мерзім бойынша оқып жүр. Әдетте, болашақ мамандар тек бір семестрге ғана барып қайтатын. Сондай-ақ оқу бітірген соң шет мемлекетте магистратураға түсу мүмкіндігі ұсынылып отыр. Бүгінде бағдарлама аясында Ақтөбенің бірқатар жоғарғы оқу орны ондаған шетел университетімен серіктестік байланыс орнатқан. Ұстаздардың айтуынша, бұл бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға оң ықпал етеді. Тек бір ғана білім ордасы өткен оқу жылында 370-тен астам студентіне шетелде білім алуына жағдай жасаған. Қытай, Ресей, Польша, Латвия және Түркияның белді оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста.

Қазбек Жолдасов, студент:

– Мысалы, бізде тек қазақ тілі және әдебиеті, филология болатын болса, ол жақта түрік тілі, әдебиеті бар. Сен ғалым да бола аласың, журналист те бола аласың, мектепте мұғалім де бола аласың. Сонымен қатар бізде университетте оқып тұрып, қос диплом бағдарламасы бойынша бір жыл Қазақстанда, бір жыл Түркияда оқып қайтуға болады.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/346606-a-t-belik-studentterdi-bilimdi-shette-shy-dau-m-mkindigi-bar?fbclid=IwAR0KteLhQ8EOcLy6HxpRLiPXveOk77EaAGwwPRPKItDaGFWooVbBvjyoF5o