Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > Жаңалықтар > Әдістемелік апталық басталды

Әдістемелік апталық басталды

Жұбанов университетінде оқу-әдістемелік жұмыстар жоспарына сәйкес 25-30 қараша аралығында «Оқу процесіне енгізілген дуалды оқыту жүйесі элементтерін қолданудың тәжірибесінен» тақырыбында  Оқу-әдістемелік жұмыс және қашықтықтан білім беру орталығының ұйымдастыруымен әдістемелік апталық өткізілуде.

Жоспарланған шаралар оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Бибігүл Абеновамен бірге ойластырылып, алдын ала бекітілген болатын.  Сондықтан университеттің барлық факультеттері әдістемелік апталықты жүйелі, нәтижелі түрде ұйымдастыра білді. Апталық аясында факультеттерде семинарлар, дөңгелек үстелдер, түрлі шаралар ұйымдастырылды.

Тақырыпқа байланысты өткізілетін шаралардың барлығы кафедра филиалдарында және  өндіріс базаларында өткізіліп отыр.

25 қараша 2019 жыл

 Педагогика факультеті

Университеттің «Оқу процесіне дуальды оқыту жүйесі элементтерін қолданудың тәжірибесінен» атты  әдістемелік апталықтың жоспарына сәйкес  Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының  педагог-сарапшысы  Әсел Аниева «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс студенттерімен «Қалыптастырушы бағалау және  оның принциптері» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағатының мақсаты — студенттерге  жаңартылған білім беру мазмұнындағы  қалыптастырушы бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру жолдарын көрсету, мектеп-гимназиясының іс-тәжірибесімен бөлісу.

Шараға директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.Керімбай, университеттің оқу-әдістемелік жұмыс және қашықтықтан білім беру орталығының әдіскері Қ.Сүлейменова және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

 

Тарих факультеті

 Университеттің «Тарих және дінтану» кафедрасының доценті Даулет Абенов «Жаңа замандағы Қазақстан тарихы» пәні бойынша «Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері» тележобасы аясында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде бейне дәріс өткізді.

 

Техникалық факультеті

 «Көлік техникасы, тасмалдауды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасының оқытушысы, доцент М.Қуанышев  «Жолаушылар автокөлік кәсіпорыны» ЖШС-нде «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығының 4-курс студенттеріне  «Қисық-шатундық механизмді жинақтау кезінде өлшемдік топтарды есептеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 

Филология факультеті

 Қаладағы №13 орта мектепте «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының аға оқытушысы К.Қондыбай  «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыбында бірлескен семинар-тренинг өткізді.

  

Экономика және құқық факультеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы А.Ибрашева «Менеджмент» мамандығының  4-курс студенттеріне «Сапа менеджменті» пәнінен кафедра филиалы «Қазақстан метрология институты» РМК Ақтөбе филиалы базасында «Сапаға қатысты ұлттық мадақтаулар және олардың белгіленуі» тақырыбында ашық дәріс-баспасөз конференциясы сабағын өткізді.

Дәріс-баспасөз-конференциясына «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Ақтөбе филиалының директоры М.М.Сарбопин, «Қазақстан метрология институты» РМК Ақтөбе филиалының 2 категориялы эксперті А.К.Каукарова, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының өкілі А.О.Косназаров, «Парыз» сыйлығының иегері, «Наурыз СИМ» ЖШС директоры И.М.Сарсенбаевтар қатысты.