Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жастар саясаты > Күйші, өнертанушы Абдулхамит Раимбергеновпен кездесу өтті

Күйші, өнертанушы Абдулхамит Раимбергеновпен кездесу өтті

«Ақтөбе – құтты мекен» халықаралық форумы аясында  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кәсіби-шығармашылық факультеті «Музыкалық білім» кафедрасының профессор-оқытушылары педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Б.Бекниязов, Ж.Е.Зейнуллина, аға оқытушылар А.Ы.Райымбергенов, магистрлер А.А.Жартыбаева, А.А.Ермекбаев, оқытушы А.Қ.Алиева және «Музыкалық білім» мамандығының 1-4 курс студенттері музыкант, сазгер, педагог, зерттеуші, «Мұрагер» бағдарламасының авторы,  «Көкіл» мектебінің директоры Абдулхамит Ысқақұлы Раимбергеновпен кездесті. Кіріспе сөзді Кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Сабыржан Сағидоллаұлы Мұхтаров бастады. Кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты Нұржамал Ерсайынқызы Мукеева  Абдулхамит Ысқақұлын таныстырып,  сөз кезегін кеш қонағына берді.

Кездесу барысында аталмыш мамандықтың білім алушылары  қонақ кәде ретінде күй ойнауын сұрады. Қазанғаптың «Құс қайтару» және сазгердің «Секіртпе» күйлерін кәсіби шеберлікпен орындап берді.

Кеш соңында доцент Бекболат Бекниязов кеш қонағына шығармашылық өркендеу, мықты денсаулық тілей отырып, әкесі Ысқақ Райымбергеновтың жалғастырушы ұрпағы екендігін атап өтті. Сондай-ақ, кафедра меңгерушісі Нұржамал Ерсайынқызы да қонаққа ұжым мен студенттер атынан сыйлық табыстап, кездесуге жиналғандар естелік суретке түсті.