Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Абай > Жеңімпаз атанды

Жеңімпаз атанды

«Профессор С.М.Исаев зерттеулері және қазақ әдеби тілі мәселелері» тақырыбында өткен дәстүрлі «Исаев оқулары» биыл халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.

Конференция халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орайластырылып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында онлайн форматта өткізілді.

Конференцияға Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Талдықорған қалаларынан және Түркия, Өзбекстан, Татарстан, Ауғанстаннан 70-ке жуық мақала жинақталды. Ғылыми жиында 40-тан астам баяндамашы онлайн форматта өз еңбектерімен бөлісті.

Халықаралық конференцияда Жұбанов университетінің «6D020500-филология» PhD докторантурасының 2-курс докторанты  Шолпан Әбдірова «Ұлттық танымның идеологиялық дискурста жаңғыруы» тақырыбында баяндама жасап, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының докторы, профессор Садирова Күлзат Қаниқызы.

Әбдірова Шолпан Гайдарқызын ғылым жолындағы жетістігімен құттықтап, еңбекте толағай табыс тілейміз!