Среда, Май 22, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Өшпес ерлік

Өшпес ерлік

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Көктемір атын жамылып, күреске түскен батыр қыз» атты тарихи танымдық кеш өтті.

Сапура Мәтенқызы — 1753-1776 жылдар аралығында  өмір сүрген қазақтың батыр қызы. Ол  небәрі 22 жасында 10 мың қолды бастап, патша өкіметіне қарсы шықты. Көктемір атын жамылып, халықты отаршылдыққа қарсы үндеді. Сапура бастаған қол отаршыл елдің бекіністерін  жаулап алды.

Жиынға қатысушылар Қобда өңірінде дүниеге келген батыр қыздың өмірі мен сол кездегі саяси оқиғаларға тоқталды. Жиында тарих ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры Нұртаза Ақишанұлы батыр қыздың тарихта алар орны туралы айтса,  философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов батыр қыздың өмір жолы, сол кездегі елдің жағдайы, саяси оқиғалар  әлі де зерделене түсу керектігін айтты. Сондай-ақ облыстық музейдің  директоры Мейрам Дүйсенғали, «Руханият» клубының жетекшісі Жібек Абдуллина, облыстық мәслихаттың бас инспекторы Айбек Шүйдебаев Сапура Мәтенқызы туралы баяндамалар жасап, пікірлерін білдірді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.