Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ғалымдары марапатталды

Университет ғалымдары марапатталды

Жұбанов университетінің ректорының жұмыс жиынында төмендегі профессор-оқытушыларға  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілген аттестат табысталды.

1. Сағымбаева Шынар Жанұзаққызы – физика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты;

2. Жантурина Нұргүл Нығметқызы – Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының директоры, физика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты;

3. Келаманов Бауыржан Сатыбалдыұлы – металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты;

4. Бекешев Әмірбек Зарлықұлы – физика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Ғалымдарды марапаттаған университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков әріптестеріне жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар,  ғалымдар оқытушылық қызметтегі жетістіктері мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін бір айлық жалақының көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды.

Құттықтаймыз!