Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Ақтөбелік профессорлар физикалық есептердің шешімдерін жинақтап, кітап қылып шығарды.

Олар өңірімізге белгілі Құдайберген Жұбанов атындағы университет оқытушылары. Өкінішке орай, індет кезінде авторлардың бірі сырқаттанып, дүниеден озды.  Әйтседе, өзге әріптестері оқулықты толық аяқтап, баспаға жіберген. Су жаңа еңбектің тұсаукесерін оның туған күніне орайластырды.

Шараға жақындары мен әріптестері жиналды. Кітап пайдаланған оқушыға да, оқытушыға да үлкен көмек құралы болады деген пікірде. Онда есептерді мейлінше қарапайым жолмен түсіндіріп, басқатырғы тапсырмалардың оңтайлы шешімін ұсынған.

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/zhana-kitaptyn-tusaukeseri-otti-4