Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мектеп базасында жаңа алаң ашылды

Мектеп базасында жаңа алаң ашылды

Үш тілде оқытатын №21 мектеп-гимназиясының базасында Жұбанов университетінің физика-математика факультетінің экспериментальды  алаңы ашылды.

Алаңның ашылу салтанатына ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров, физика-математика факультетінің деканы Асқар Аймукатов, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, №21 мектеп-гимназиясының директоры Маржангүл Тойшыманова, сондай-ақ мұғалімдер мен 11 сынып оқушылары қатысты.

Алаңды құрудың басты  мақсаты — ғылым мен технологиялар саласындағы педагогтар мен студенттер арасындағы  таланттарды анықтау және ашу, оқушылардың заманауи қосымша білімге деген сұранысын қанағаттандыру, оқытушылар мен оқушыларды тарта отырып, бірлескен ақпараттық, талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу.