Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Үздік спортшылар марапатталды

Үздік спортшылар марапатталды

Бүгін Жұбанов университетінің Студенттер сарайына футбол сүйер қауым, жанкүйерлер мен спортшылар жиналды. Салтанатты жиында студенттер арасындағы футзал лигасының 3-маусымының қорытындылары жарияланды.

«Zhubanov League 2020-21» марапаттау рәсімінде ректордың міндетін атқарушы Рахым Бекназаров лига қатысушыларын құттықтап,  футбол — жылдамдық пен күшті біріктіретін командалық спорт түрі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Рахым Бекназаров ойындарды ұйымдастыруға белсене қатысқан студенттер Гүлдана Мұханбетжан, Аружан Әбдіқапарова, Нұржігіт Асылбеков, Дәулет Клишкарин және «Zhubanov League» төрағасы Тұрар Тәңірбергеновке Алғыс хаттар табыс етті.

«Zhubanov League 2020-21» қорытындысында  «Үздік ойыншы» атағына техникалық факультетінің студенті Ербазы Қуанышбек лайық деп танылса,  кәсіби-шығармашылық факультетінің студенті  Диас Андырмаш «Үздік бомбардир»  және экономика және құқық факультетінің студенті Алмат Темірұлы «Үздік қақпашы»  атанды. Сонымен қатар І орынды техникалық факультетінің «ATHLETIC» командасы, ІІ орынды кәсіби-шығармашылық факультетінің «Grand PTF» жеңіп алса, ІІІ орынды кәсіби-шығармашылық факультетінің PTF «EMPIRE» командасы ие болды.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді, ал барлық қатысушы командаларға Алғыс хаттар тапсырылды.

Салтанатты шарада  университеттің  әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Нұржан Бердыбаев, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры  Қарылғаш Сатыбалдина және  «Актюбинец» футбол клубының ардагері Виктор Зейбель мінберде сөз алып,  жас спортшыларға сәттілік тіледі.