Среда, Май 1, 2024
Басты > Жаңалықтар > Байқауға қатысуға шақырамыз!

Байқауға қатысуға шақырамыз!

Жұбанов университетінің Оқу-әдістемелік жұмыс және қашықтықтан білім беру орталығы аталған оқу ордасының профессорлық-оқытушылық құрамына  арналған  «Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің  Үздік әдіскер-оқытушысы»   байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты —  профессорлықоқытушылық құрамның білім беру қызметіндегі табыстары мен жетістіктерін ынталандыруды арттыру және оқу процесін сапалы ұйымдастыру тәжірибесін насихаттау.

Байқау 2 кезеңнен тұрады:

І кезең  — факультетішілік  (мерзімі: 15.02-19.02. 2021 ж.);

ІІ кезең  — университетішілік (мерзімі: 02.03.2021 ж.)

Байқауға жоғары білім беру саласында кем дегенде 3 жылдық еңбек өтілі бар факультет оқытушылары қатысады.

Байқауды ұйымдастыру және өткізу: «Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің Үздік әдіскер-оқытушысы» байқауы туралы Ережеге (ҒК. 04.11.2020 ж. №4 хаттама) сәйкес жүзеге асырылады.

Байқау қорытындысы университетішілік комиссия шешімімен анықталады және университет ректорының бұйрығы негізінде байқау жеңімпазына «Үздік әдіскер-оқытушы» номинациясы тағайындалып, жеңімпаздар ақшалай сыйақымен, дипломдармен марапатталады.

Факультеттің әдістемелік кеңесі төрағалары байқаудың І кезеңінің ұйымдастырылуы мен өткізілуі туралы тиісті құжаттамаларды Оқу-әдістемелік жұмыс және қашықтықтан білім беру орталығына 12.02.2021 ж. тапсырады.

 

ЕСКЕРТУ! Байқау туралы талаптар мен 2 кезең бойынша ұсынылатын құжаттамалар «Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің Үздік әдіскер-оқытушысы байқауы туралы Ережеде» (ҒК. 04.11.2020 ж. №4 хаттама) көрсетілген.