Қорытынды аттестаттауды тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау бойынша өтініштер 01.04.2021ж. – 23.04.2021ж. аралығында SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы онлайн қабылданады.
Ол үшін Сізге қажет:
✅ SMART ARSU мобильдік қосымшасын Play market/ App store арқылы жүктеу;
✅ ҚОНАҚ рөлінде тіркелу;
✅ СҚКО Темірқазыққа кіру;
✅ ҚА тапсыру үшін оқуға қайта қабылдауды таңдау;
✅ көрсетілген ұяшықтарды толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу және жіберу;
✅өтінішті негізгі мәзірден менің өтініштерімнен бақылай аласыз.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Ф-№ 086У үлгідегі медициналық анықтама;
- Бір ай оқу ақысы төленген түбіртек (күндізгі бөлім – 37500тг, қашықтан оқыту технологиясы бойынша – 20000тг).