Четверг, Май 2, 2024
Басты > Жаңалықтар > Үздік нәтижеге қол жеткізді

Үздік нәтижеге қол жеткізді

Жұбанов университетінің студенттері «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру  бағдарламасы бойынша ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадада үздік нәтиже көрсетті.

Олимпиаданы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырды.

Аталған шара мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында педагогикалық білімдерді насихаттау, студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен даярлық сапаларын анықтау, кәсіби педагогикалық және шығармашалық әлеуетін ашуға жағдай жасау мақсатында өткізілді.

Олимпиада бағдарламасына сәйкес сайыс 4 кезеңді қамтыды:

  1. «Жаңа формация — педагог-тәрбиеші» команданың өзін таныстыруы;
  2.  «Білім ринг-білім додасы» тест тапсырмалары;
  3.  «Инновациялық бағыттар: заманауи педагог -тәрбиеші теориядан практикаға» шығармашылық жоба сайысы;
  4. «Педагог-тәрбиешінің шеберлік әлемі» жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы ұйымдастырылған оқу қызметі.

Үш кезеңнің  қорытындысында Жұбанов университетінің   Smart Kids командасы 3  орынға ие болды. Сонымен қатар, жеке есепте университет студенті Назира Базарбай 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.