Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жастар саясаты > Студенттер баскетбол ойнап, бақ сынасты

Студенттер баскетбол ойнап, бақ сынасты

Маусымның қорытынды ойынында физика-математика факультетінің «Westside», филология факультетінің және жаратылыстану факультетінің «Golden state», кәсіби-шығармашылық факультетінің «Qulpynai heat» және экономика және құқық факультетінің «Legion» командалары кездесті.

Турнирде кәсіби-шығармашылық факультетінің «Qulpynai heat»командасы үздік нәтиже көрсетіп,  «Legion» командасы жүлделі екінші орынды,  «Golden state» үшінші орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ,  ойында «Үздік ойыншы» атағына Әділ Исатай лайық деп танылса,   Виктор Фидорус   «Үздік шабуылшы» және Бағлан Амантурлин   «Үздік қорғаушы» атанды.

Айта кетейік, университетте «Zhubanov Basketball» студенттердің баскетбол лигасы алты айдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында  ойыншылар  қайырымдылық  матчын өткізді.