Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > “Күміс университет” жобасы: Аға буынға жаңа мүмкіндік

“Күміс университет” жобасы: Аға буынға жаңа мүмкіндік

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті басшылығының бастамасымен «Күміс университет» немесе «Үшінші дәуір университеті» жобасы іске қосылды. Бұл қарт азаматтардың ішкі мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ашу бойынша қызметтерді алуға көмек көрсететін әлеуметтік қызметтің инновациялық түрі. Жоба егде жастағы азаматтарды белсендіру және өзін-өзі тану мақсатында оқытуды, өмір сапасы мен әлеуметтік белсенділігін арттыруды, физикалық және психикалық денсаулықты нығайтуды көздейді.

«Күміс университет» өз жұмысын бірнеше бағытта жүзеге асырады: IT технология – компьютерлік сауаттылыққа оқыту; Құқықтық – мұрагерлік, өсиет жасау, әлеуметтік маңызды мәселелерді басқаруға және шешуге қатысу; Қаржылық – бюджетті құру дағдылары, компьютерлік бағдарламалар және үй бюджетін құруға арналған мобильді қосымшалар процестерін түсіну; Педагогикалық -психологиялық денсаулық,  салауатты өмір салты, зейнеткерлікке дайындық, жетілген қарттыққа көшу; Тіл курстары – ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі.

«Күміс университет» жобасын іске асыруда алға қойылған негізгі міндеттердің бірі, ол егде жастағы адамдардың қазіргі өмірге сәтті бейімделуіне, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіруге қолайлы жағдайлар жасау, коммуникациялық ортаны қалыптастыру және дамыту, өмірге деген оң көзқарасты сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды игеруге көмектесу, құқықтық сауаттылығын кеңейту, бос уақыттарын ұйымдастыру. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін аралас оқытуға 8-ден 36 сағатқа дейін бөлінеді: байланыс сағаттары және қашықтықтан оқыту (онлайн).

Теориялық және практикалық сабақтардан басқа шеберлік сыныптарына, тренингтерге, пікірталастарға, интерактивті іс-шараларға қатыса алады. Оқуды ойдағыдай аяқтаған тыңдаушыларға «Күміс университетінің» сертификаттары беріледі. Жоба зейнеткерлерге әлеуметтік-мәдени дамуға, шығармашылық және кәсіби тұрғыдан өсуге, жаңа қарым-қатынас шеңберін табуға мүмкіндік береді. Жоба аясында алғашқы ұйымдастырылған  іс шара «Салауатты өмір салты: жоспарлау және енгізу» курсы. Курс тренері – педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлсім Кусаметова.

Спикерлер, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттік емханасының психологы – М.М. Шамуратова және терапевт дәрігері – А.А.Гумарова кездесу барысында  Covid-19-дың клиникалық түрлері, ұжымдық иммунитет, адамдарда антиденелердің болуы иммунитеттің бар екендігін білдіреді ме, SARS-COV-2 жұқпасымен ауырған адамдар вирусты қайта жұқтыруы мүмкін бе деген сауалдарға жауап берді.

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі «Күміс университет» жобасының іске қосылуы жаңа өмір сапасының жаңа парадигмасындағы қоғаммен әрекеттесу форматындағы алғашқы эксклюзивті тәжірибе.

 

Гүлбану Ақылбекқызы ТАКИШЕВА,
Үздіксіз білім беру институтының
директоры, педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент, Ақтөбе қаласы

/bilimdinews.kz/