Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Біздің стартапшылар бизнес жайында біліктіліктерін арттырып келді

Біздің стартапшылар бизнес жайында біліктіліктерін арттырып келді

Жұбанов университетінің стартапшылары 1-3 қазан аралығында Нұр-сұлтан қаласында «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында ұйымдастырылған қорытынды іс-шараға қатысып, бизнес жайында 3 күндік оқудан өтті.

«Entrepreneurial MeetUp» шарасында  оқытушылар мен қызметкерлер және студенттердің белсенділігі мен ынтасын арттыратын қызықты тақырыптар талқыланды. Студенттер түрлі тренингтер мен шеберлік сабақтарынан дәріс алды. Оқытушылар студенттермен бірге кәсіпкерліктің жаңа мүмкіндіктерін игерді. Бизнес әлемінде жетістікке жетіп жүрген кәсіпкерлермен тілдесіп, тәжірибе жинақтады.  Аталған іс-шараға Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларының өңірлік оқу орындарынан  «BigIdeasMarathon» және «Tumar Student Business Challenge» байқауларының жеңімпаздары болып табылатын 60 студент, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждердің 30 оқытушысы мен қызметкерлері қатысты.

Жас стартапшылар оқу барысында креативтілік, ұйымдастырушылық қабілет, мәселені көре және шеше білу, командамен жұмыс істеу және өз идеясын одан әрі дамытуды жүзеге асыру секілді білімдерді меңгерді.Сонымен бірге «Өз идеяңызды қалай тексеруге болады?», «Қалай тұтынушыны қызықтыру керек?», «Әлеуметтік желімен жұмысты қалай жолға қою қажет?» деген өзекті сұрақтар төңірегінде біліктіліктерін жетілдірді.

Оқудан өткен оқытушылар мен студенттерге арнайы сертификаттар табыс етілді.