Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Елу жылдан кейінгі кездесу

Елу жылдан кейінгі кездесу

Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің осыдан елу жыл бұрын түлеп ұшқан түлектері бас қосты. Олар білім нәрін берген қара шаңыраққа жиналып, қызықты естеліктерімен бөлісті. Оқу орнын аралап, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Университет музейіне осы курстың 50 жылдық өмірінен сыр шертетін фотосуреттер, құжаттар көрмесі қойылған. Шарада университет ректоры Лаура Қарабасова түлектерді құттықтап, оларға «50 жыл болашақ тәрбиесінде» төсбелгісін табыстады. Ақ тілектер ақтарылып, түлектерге құрмет көрсетілді.  Сонау 1971 жылы оқу бітірген жастар сол кездің өзінде қазақ тіліне деген қолдауын қоғамдық істерімен көрсеткен. Мұны кездесуде өздері еске алып, қызықты естеліктерімен бөліскенде жеткізді.