Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Болашақ экономистер шетелдік ғалымның дәрістерін тыңдады

Болашақ экономистер шетелдік ғалымның дәрістерін тыңдады

Экономика және құқық факультетінің студенттері Клайпеда университетінің (Литва) профессорынан дәріс алды.  Эрика Зуперкиене «Экономикалық зерттеулер әдіснамасы», «Бизнес этикасы» пәндері  бойынша онлайн-дәріс өткізді. Дәріс барысында білім алушылар экономикалық модельдеу және экономикалық шамалардың бір-біріне әсерін бағалау үшін белгілі арнайы бағдарламаларды қолдану, олардың қолжетімділігі туралы мәліметтер алды.

Сонымен қатар, Клайпеда университетінің профессоры Жұбанов университетінің педагогтары үшін онлайн-нетворкинг ұйымдастырды. Онда менеджменттің өзекті мәселелерін және пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдарын талқылады.