Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Халықтың тілегі — бейбіт өмір

Халықтың тілегі — бейбіт өмір

Жайшылық САРТАБАНОВ,

Физика-математика ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры:

Елде болып жатқан жағдай көңілімізге қаяу түсіріп,қатты қобалжыдық. Бейбіт шерулердің жаппай тәртіпсіздік жағдаймен қабаттасуы, көптеген жастардың құрбан болуы — үлкен қайғылы жағдай, қасірет.

Біздің елді, Қазақстанды сауатты, мәдениетті елдердің қатарында деп есептеймін. Қандай да бір көңіл толмас, қиын жағдай болса да, мәдениетті түрде, ақылмен, Ата Заңымызға сәйкес шешілуі керек.

Кешегі оқиғаларда көптеген адамдардан айырылып қалдық. Аза тұтуымыз да орынды. Елде болып жатқан келеңсіздіктер мен қайғылы жағдайлар көңіл қынжылтады, үлкен ой салады. Ендігі жерде елімізде қайғылы оқиғалар болмасын! Арты тыныштық болғай! Барлық даулар мен келіспеушіліктер бейбіт жолмен шешілсін. Халықтың тілегі — бейбіт өмір.

«Бақыттың ауылы — бірлік» дейді ғой, осындай ел басына күн туған шақта күшіміздің бірлікте екенін көрсетуіміз керек. Облыс тұрғындарын, әсіресе студент жастарды, сондай-ақ өндіріс орындары, ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен кәсіпкерлердіел Мемлекет басшысынқолдауға шақырамын.

/aqtobegazeti.kz/