Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін еліміздегі Ғылым қызметкерлерінің күні

Бүгін еліміздегі Ғылым қызметкерлерінің күні

Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні.

Ғылым кез келген елде келешектің кілті саналады. «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген Әл-Фарабидің қанатты сөзі бар. Бұл бірнеше ғасыр бұрын айтылып кетсе де өзектілігі жойылған емес. Қазіргі жаһандану заманында ғылымның дамуы – әрбір мемлекеттің, аймақтың дамуына септігін тигізетін маңызды фактор.

Жұбанов университетінің де басым бағыттарының бірі – ғылым.

Белгілі ғалымдар Мұхтар Арынов, Есет Жұбанов, Анатолий Калюжный, Жайшылық Сартабанов, Ілияс Тәжімұратов, Қуанышбек Шүңкеев, Амангелді Айталы, Кенжеғали Кенжебаев және тағы басқа ғалымдардың есімдері университет тарихына жазылды.

Бүгінде Жұбанов университетінде өзекті қолданбалы және іргелі зерттеулер жалғасуда. Ғалымдардың ізденістері математика, физика, филология, лингвистика, тарих, экология және педагогика сияқты бағыттарды қамтиды.

Университетте ғылыми қызметпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Қатты дененің радиациялық физикасы, нанотехнологиялар және химиялық өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату саласында ғана емес, сонымен қатар 3D модельдеуде, сандық электроникада және тіпті асфальтбетон зертханасында тәжірибе жасауға мүмкіндік беретін заманауи Инновациялық технологиялар паркі жұмыс істейді.

Ғылым саласында өнімді еңбек атқарып келе жатқан барша ғалымдарды мерекемен құттықтап, ғылымдағы өнегелі істеріңізге табыс тілейміз!