Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Маржан Ахметованың жобасы қаржыландыруға ие болды

Маржан Ахметованың жобасы қаржыландыруға ие болды

Жұбанов университетінің физика кафедрасының оқытушысы Маржан Ахметованың жобасын Ұлттық ғылыми кеңес «Жас ғалым» байқауы (Постдокторантура) шеңберінде 2022-2024 жылдарға арналған қаржыландыру үшін мақұлдады.

Жоба тақырыбы «Нанотолтырғыштарын қоса отырып, поли(2-этил-2-оксазолиндер) қоспалары негізінде композиттік материалдар жасау» деп аталады.

Биодеградация қабілетіне және тек өзіне тән қасиеттер кешеніне байланысты композициялық полимерлерге деген қажеттіліктің артуына байланысты зерттеу жұмысы бүгінгі таңда өте өзекті болып тұр. Бұл жобада жақсартылған физика-химиялық және механикалық қасиеттері бар полимерлі нанокомпозиттерді түрлендірудің ғылыми-технологиялық негіздерін әзірлеу қарастырылады.