Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет пен мектеп сабақтастығы

Университет пен мектеп сабақтастығы

Қазіргі таңда білім беру саласында жоғары оқу орындарымен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға көп көңіл бөлінуде. Бұл байланыс нәтижесінде педагогтар өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырса, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығы оянып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауда да септігін тигізетіні анық.

Жұбанов университетінде қаламыздағы мектептермен байланыс кеңінен жолға қойылған. Солардың бірқатарын атап өтсек, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия, № 51 Гимназия, Новый орта мектеп-лицейі мемлекеттік мектептерін сенімгерлік басқаруға алып, «Сымбат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, «КАЗГЮУ мектеп — гимназия және колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен ынтымақтастыққа отырған болатын.

Бүгін Жұбанов университетінде аталған мектептердің оқушылары қонақта болды. Олар оқу орнындағы заманауи ғылыми орталықтардың жұмысымен танысып, Инновациялық технологиялар паркін, жылыжай кешенін, техникалық факультеттің кітапханасын аралады.

Сондай-ақ, Zhubanov University балалар университетінің білім алушылары келген оқушыларға өздерінің робототехника, бейнелеу өнері, ғылыми зерттеу жұмыстары т.б. бағыттары бойынша ғылыми жобаларын таныстырды.