Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаһандық тақырыптарды талқылады

Жаһандық тақырыптарды талқылады

Бүгін Жұбанов университетінде «БҰҰ Моделінің» II конференциясы өтті.

БҰҰ моделі – бұл ғылыми конференция мен рөлдік ойынның синтезі болып табылатын платформа. Жоғары сынып оқушылары мен студенттер осы ұйымның комитеттерінің жұмысын жаңғыртады, дипломатиялық, көшбасшылық, шешендік және тілдік дағдыларды және ымыраға келу қабілетін игереді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференция қазіргі қоғамдағы жаһандық құзыреттілікті дамытуға бағытталған. Ақтөбе қаласының мектеп оқушылары жаһандық тақырыптарды талқылау үшін түрлі елдердің ресми делегаттары рөлінде қатысып, соңында қарар түрінде ресми құжат жасады.

Конференцияны Жұбанов университеті және Назарбаев Зияткерлік мектебі базасындағы «NIS Aqtobe MUN CLub» мектеп клубы ұйымдастыруға атсалысты. Дипломаттық іс-шараға қаланың түрлі оқу орындарынан барлығы 40 білім алушы қатысты.