Суббота, Июнь 25, 2022
Басты > Жаңалықтар > Мәжіліс депутаттары Жұбанов университетінде

Мәжіліс депутаттары Жұбанов университетінде

Бүгін Жұбанов университетіне Парламент Мәжілісінің депутаттары келді. Жиында Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумның маңызы мен мақсаты туралы айтылды.
Кездесуге университет ректоры Лаура Қарабасова, құрылым басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы, белсенді студенттер қатысты.

AMANAT партиясының республикалық штабының мүшелері  Ғалымжан Елеуов, Аманғали Бердалин және Қазақстан халықтық партиясынан  Александр Милютин референдумның маңыздылығына тоқталып, оған қатысып, азаматтық белсенділік таныту – жаңа Қазақстанды құруға жасалған қадам екенін атап өтті. Мәжіліс депутаттары Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып, барлығын референдумға қатысуға және Мемлекет басшысы ұсынып отырған түзетулерге, жалпыхалықтық референдумда бекітілетін алдағы өзгерістерге қатысты өз ойларын еркін білдіруге шақырды.

Ректор Лаура Қарабасова өз сөзінде Жұбанов университеті білім мен ғылымның ғана ордасы емес, қоғамдық-саяси оқиғаларға белсенді атсалысып отырған оқу орны екенін баса айтты. Референдумға орай университетте 45-ке жуық кешенді іс-шара жоспарланып, олардың бірқатары жүзеге асқандығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, басқосуға қатысқан «Жайдарман» қозғалысының жетекшісі Есен Елеукен университет жастарымен бірнеше рет кездесулер өткізгенін және жас буынның белсенді екенін атап өтті.

Кездесу барысында университет студенттері де жалпыхалықтық референдум жөнінде ойларын ортаға салды.