Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Академиялық мәселелер жөніндегі проректор тағайындалды

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор тағайындалды

Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес Жұбанов университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі-проректор лауазымына Людмила Мясникова тағайындалды.

Ол бұған дейін Академиялық мәселелер жөніндегі проректордың міндетін атқарушы болып қызмет атқарып келді.

Людмила Мясникова физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 2003 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Математика және физика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Физика» мамандығы бойынша магистратурасын, 2007 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының физика кафедрасында оқытушы болып бастады. Әр жылдары физика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика факультетінің деканы, «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығының директоры, Ғылым және инновациялар департаменті директоры болып жұмыс істеді.