Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде түлектерге диплом табыстау рәсімі басталды

Жұбанов университетінде түлектерге диплом табыстау рәсімі басталды

Бүгін Жұбанов университетінде түлектерге диплом табыстау рәсімі басталды.
Мұндай қуанышқа алғашқылардың бірі болып физика-математика және филология факультетінің түлектері бөленді. Айта кетейік, олардың қатарында магистратура түлектері де бар.

Салтанатты рәсімде университеттің Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова PhD ғылыми дәрежесін алған физика-математика факультетінің үш оқытушысына, сондай-ақ, екі факультеттің үздік түлектеріне дипломдарын табыс етті.

Лаура Қарабасова құттықтау сөзінде түлектерге сәт-сапар тілеп, әрбір студенттің бүгінгі жеңісінің артында ата-ананың еңбегі жатқанын атап өтті. Ректор Қазақстан Президентінің мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, отандық QazVac вакцинасын әзірлеуші Күнсұлу Закария, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Қанат-Света Айтбаевтар секілді белгілі тұлғалар білім алған оқу ордасының жүз мыңға жуық түлегінің қатары тағы бір буынмен толыққанын атап өтті.

Физика-математика факультетін 259 түлек бітірді, оның ішінде 64-і үздік диплом иегері атанды. Ал филология факультетін 343 түлек, оның 130-ы үздік дипломмен тәмамдап отыр. Сондай-ақ 166 түлек магистр дәрежесін иеленді.