Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Нұргүл Құлтанбаеваға философия ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесі берілді

Нұргүл Құлтанбаеваға философия ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесі берілді

Жұбанов университеті ғалымдарының қатары тағы бір ғылым докторымен толықты.

Филология факультетінің аға оқытушысы Нұргүл Құлтанбаеваға «Филология» мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Университет ректоры Лаура Қарабасова ғалымды құттықтап, алдағы жобаларына сәттілік тіледі.

Нұргүл Құлтанбаева – университетімізде «Филология» мамандығы бойынша диссертациялық жұмысын қорғаған алғашқы докторанттардың бірі. Ол қазақ, орыс және араб тілдері материалдары негізінде «Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдері» тақырыбындағы зерттеу жұмысын сәтті аяқтады.

Ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының докторы, профессор Сабира Исакова.