Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Отбасы құндылықтары туралы Open talk

Отбасы құндылықтары туралы Open talk

Жастарды отбасылық құндылықтарды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бүгін Жұбанов университетінде «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында Open talk өткізілді.

Іс — шараның мақсаты — бала тәрбиесіндегі ата-ананың, мектеп, жоғары оқу орны, қоғамның рөлін анықтау, жас отбасыларға психологиялық кеңес беру.

Шараға Жұбанов университетінде бірнеше жылдан бері жұбымен бірге жұмыс жасайтын бірнеше үлгілі отбасылар, сондай-ақ университетте оқып жүріп отау құрған жас отбасылар қатысты. Сонымен қатар университет түлектері, белгілі әнші-сазгер Дулат-Рита Айтжановтар әулеті де жиынның қадірлі қонағы болып, отбасы құндылықтары жайлы ойларымен бөлісті.

Ашық диалог барысында бала тәрбиесіндегі әке рөлі, ене мен келін қарым-қатынасы, отбасындағы салт-дәстүрлер, жанұялық құндылықтарды насихаттау бағытында қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалды. Жиынға қатысқан сарапшылар әрбір отбасындағы жетістік те, кемшілік те қоғамның ортақ көрсеткіші екенін алға тартып, тұлғаның қалыптасуында отбасынан алған тәрбие мен жалпы қоғамдық құндылықтар әсер ететінін жеткізді.