Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > Ел жаңалықтары > Сараланған грант моделіне көшеміз

Сараланған грант моделіне көшеміз

Еліміздің жоғары оқу орындарында сараланған грант моделі  пайда болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Біз сараланған гранттар моделіне көшеміз. Бұл 30 пайыздан 100 пайызға дейін. Бұл неліктен маңызды? Біріншіден, біз толыққанды немесе осал топтардан, ауылдық жерлерден шыққан балалардың бәрін оқу грантымен қамтамасыз ете алмаймыз. Екіншіден, ҰБТ-дан 120 балл алған, 75 балл иеленген тіпті 50 балл алған оқушылардың гранты біркелкі бір грант болады. Сол себепті қазір жұмыс тобы құрырылып, сараланған грант моделін пысықтап жатырмыз, — дейді Саясат Нұрбек.

Сөзінше, жаңа модельді жүзеге асыру үшін шетелдік тәжірибелерге баса назар аударылады.

Мәселен, АҚШ немесе Еуропа елдерінде дарынды бала грантты сөзсіз 100 пайыз иеленеді, алайда әр отбасының әлеуметтік жағдайына зер салып, үздік жоғары оқу орындары жеңілдіктер беріп жатады. Яғни,  гранттарды саралап, бөлшектеп береді. Оларды 30-40 пайыздарға бөліп береді. Міне, осы модельді мұқият қарастырып жатырмыз. Оның негізгі мақсаты демографиялық толқынды алдын ала ескеріп, жоғары білімге қолжетімді тетіктерді пысықтау, — деді министр орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

 

/baq.kz/