Среда, Май 1, 2024
Басты > Білім > Ерекше білім қажеттіліктері бар балаларды оқытуға арналған вебинар

Ерекше білім қажеттіліктері бар балаларды оқытуға арналған вебинар

Бүгін Жұбанов университетінде оқытушы-зерттеушілер Айгүлден Тогайбаева, Мейрамгүл Есенғұлова, Динара Рамазанова “Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау” тақырыбында халықаралық  вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты — ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау арқылы қатысушылардың ғылыми танымдық деңгейін арттыру.

Вебинарға Қырғыз-қазақ университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессор-оқытушылары онлайн қатысты. Сонымен қатар Алматы, Ақтөбе қалаларында «Soiley Ortalygy» түзете-дамыту орталығының негізін қалаушы, университет түлегі Гүлсара Орынғалиева шараның қонағы болып, өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Шараны ұйымдастырушылар инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайына тоқталып, білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іс жүзіне асыру ұстанымдарын ұсынды. Қатысушыларға Қазақстандағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған білім берудегі нормативтік-құқықтық база таныстырылды.

Сондай-ақ, басқосу барысында ерекше білім қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне қосқанда кездесетін мәселелер талқыланды.