Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Білім > Білім алушылардың шәкіртақысы өсті

Білім алушылардың шәкіртақысы өсті

Білім алушылар үшін жаңа оқу жылы жағымды жаңалықпен басталды. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға өсті.

Атап айтар болсақ, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58800 мың теңге, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы алды.
Магистранттардың шәкіртақысы 86987 теңге, ал докторанттардың шәкіртақысы 195000 теңгеге дейін артты.

Айта кетейік, 1 курста оқитындар алғашқы шәкіртақыларын осы айдың аяғында қолына алатын болады.