Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Білім > Цифрландыру бағытында озық тәжірибелерді игерді

Цифрландыру бағытында озық тәжірибелерді игерді

Астана қаласы Назарбаев университетінде жыл сайын өтетін VII Тіркеу офистерінің кездесуіне Жұбанов университетінің академиялық қызмет департаментінің директоры, тіркеу офисінің басшысы және IT мамандары қатысуда.

Кездесуде еліміздің жоғары оқу орындарынан 300-ден астам өкілдері бас қосты.

Жиында оқу процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған бірнеше өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар дипломға қосымшаны әзірлеу барысында жобаларды басқару негіздерін қолдану, талапкерлерді қабылдау процесін цифрландыру, ЖОО-дағы білім беру субъектілерінің өзара іс-қимыл процестерін оңтайландыру, академиялық эдвайзинг принциптерінің негіздері т.б. маңызды тақырыптар төңірегінде тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Цифрлық даму, инновациялар және аэрокомикалық өнеркәсібі министрлігінің өкілдерінің қатысуымен өткен панельдік сессияда ЖОО-ларға ортақ цифрландыру бағытындағы проблемалық мәселелердің шешу жолдары талқыланды.

Нәтижесінде қатысушылар тың идеяларды жүзеге асыру, озық тәжірибелерді трансформациялау мүмкіндіктерін игермек.