Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Өнеркәсібі өркендеген өңір

Өнеркәсібі өркендеген өңір

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Ақтөбе облысының тұрғындарымен кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасының басымдықтарын талқылады.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген ел өнеркәсібін дамытуға арналған шаралар талқыланды.

«Ақтөбе облысы – еліміздегі маңызды индустриалды өңір. Еңбексүйгіш ақтөбеліктер облыстың өсіп-өркендеуінің негізі екені сөзсіз. Сіздер әрдайым еліміздегі реформаларды, бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдап келдіңіздер. Сондықтан алдағы президент сайлауында, ел дамуындағы осындай жауапты кезеңде өңір тұрғындары дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз», деді республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

Іс-шарада штаб мүшелері сайлау алдындағы бағдар­лама­ның өңірлік инфрақұрылымды жақсарту және жұ­мыс орындарын ашу мәселелеріне арналған бағыт­тары­на назар аударды. Сондай-ақ Орталық ста­дион­да «Ақтөбе» футбол клубының ойыншыларымен кез­десу өтті. Онда кандидаттың кәсіби спортты дамы­ту­ды және саламатты өмір салтын дәріптеуді көздейтін басым­дықтары сөз болды. Штаб мүшелері Қ.Жұбанов атындағы университетте жоғары оқу орнының ғалымдарымен және оқытушы-профессорлар құрамымен де кездесті.

 

/egemen.kz/