Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

2022 жылдың 6-7 желтоқсан аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде KAZSEE Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығы тарапынан дәстүрлі (of-line) форматта мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілді.

Аккредиттеу рәсімінің мақсаты – білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органы тарапынан жүргізілетін бағалау процесі. Дәлірек айтсақ, мамандандырылған аккредиттеу барысында университеттегі білім беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру, білім бағдарламаларының сапасы мен жалпы білім беру қызметінің мемлекеттік стандарттарға және нормативтерге сәйкестігі бағаланады.

Аккредиттеу жүргізілген білім бағдарламалары:

6В02102-Дизайн
6В04102-Менеджмент
6В04201-Құқықтану
6В06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
6В06106-ІТ-Медицина
6В07107-Автоматтандыру және басқару
6В11101-Туризм
6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы
7М01503-Информатика
7М06102-Ақпараттық жүйелер

Аталған рәсімді KazSEE тарапынан отандық және шетелдік сарапшылар тартылған сыртқы сараптау комиссиясы жүзеге асырды. Сараптама тобының төрағасы: Сейдалиев Аскар Абиевич (Yessenov University). Шетелдік сарапшы: Морозов Михаил Анатольевич (Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті). KazSEE координаторы: Қойшыбайұлы Ерлан (KAZSEE Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығы).

Сарапшылар: Сембаев Нурболат Сакенович (Торайгыров Университеті), Балмагамбетова Венера Максатовна (Қазақ-Орыс Халықаралық университеті), Ногаев Кайрат Болатбаевич (Баишев Университеті), Дуйсенбаева Ботагоз Баймуханбетовна (Қазақ-Орыс Халықаралық университеті), Асанова Бактыгул Унгарсиновна (Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті).

Сарапшы-жұмыс беруші: Жаркылов Талгат Сергеевич (РМҚК Ақтөбе қаласы «Ұлттық тестілеу орталығы» филиалының басшысы).

Сарапшы-Студент: Нестеренко Карина Денисовна (Қазақ-Орыс Халықаралық университеті).

Аккредиттеу рәсімі сыртқы сарапшылардың университет проректорларымен кесдесуінен басталды. Одан әрі агенттік сарапшылары университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты. Сонымен қатар, аккредиттелетін білім бағдарламалары бойынша кафедра құжаттарының стандарттарға сәйкестілігін тексеріп, сабақтарға қатысты, студенттермен, магистранттармен, докторанттармен, ПО құрамымен, түлектермен, жұмыс берушілермен кездесу өткізіп, олармен еркін тақырыпта сұхбаттасты. Аталған кездесулерге ПО құрамынан 110 адам, 91 білім алушы, облыстың түрлі саласынан 21 жұмыс беруші мен аккредиттелетін мамандықтардың 33 түлегі қатысты. Сұхбат барысында жұмыс тобы тарапынан берілген сұрақтарға барлық қатысушылар қанағаттанарлық деңгейде жауап берді. Сарапшылар сұхбаттасу нәтижесінде қатысушылардың бұл үдеріске үлкен жауапкершілікпен қарағандарына ризашылығын білдіріп, университет пен түлектер, жұмыс берушілер арасындағы кері байланыс тиісті деңгейде екендігін атап көрсетті.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі аясында сыртқы сарапшылар аккредиттелетін білім бағдарламаларының келесі практика базалары мен кафедралардың өндірістегі филиалдарын көрді: «Қалалық жас туристер станциясы» МКҚК, «А-Textile» ЖШС, Ақтөбе облысы ПД базасындағы криминалистикалық полигон, «Стройтехно Инженерлік Компаниясы» ЖШС, «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, №1 қалалық емхана, Әл-Фараби атындағы №21 МГ, «Қалалық орталық техникалық шығармашылық орталығы», «Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы».

Бағалау нәтижесінде сарапшылар тобы университет ректоры, проректорлар және құрылымдық бөлім басшыларымен кездесіп, аккредиттеу рәсімі аясында өткен шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтіп, алғыстарын білдірді. Мамандықтардың аккредиттелу мерзімі алдағы уақытта өтетін KAZSEE Аккредиттеу кеңесінде анықталатын болады.