Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Белгілі ғалым, академик Амангелді Айталы дүниеден өтті

Белгілі ғалым, академик Амангелді Айталы дүниеден өтті

Философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі Айталы Амангелді Әбдірахманұлы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолын ауыл мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастап, Ақтөбе мемлекеттік педагогика иниститутында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, проректор болып еңбек етті. Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Кейінгі жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасының профессоры , «Әлеуметтік зерттеулер» орталығының жетекшісі болып қызмет етті.
Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері, Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы.
Ғылым және жоғары білім министрлігі ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
/www.gov.kz/