Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті – білім беру мен ғылымның көшбасшысы

Жұбанов университеті – білім беру мен ғылымның көшбасшысы

Құрметті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің қызметкерлері!

Сіздерді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне 85 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз.
Өзінің ұзақ жылғы даңқты тарихында университет білім беру саясатының жетілдірілуінде шешуші рөл атқарды. Жарты ғасырдан астам уақытта ол біздің елде ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де үлкен беделге ие болып, өзінің тегеурінді профессорлық-оқытушылық корпусымен атақты отандық  білім беру мен ғылымның көшбасшысы атанды.
Өте танымал университет ретінде қалыптасу жолында күрделі және үлкен белестерден өтті. Түлектеріңіз тек қана Қазақстан Республикасының аймақтарында ғана емес, сонымен қатар алыс шетелдерде қызмет атқарып жүргенін және жоғары біліктілік, жауапкершілік, білімдарлық көрсетіп, ерекшеленетіндерін үлкен мақтанышпен айта аламыз.
Осы жоғарғы оқу орнының студенттері биік-биік шыңдардан көрініп, оқу орнының қызметкерлері  білім атты теңізде ұзақ және абыройлы атпен жүзулеріне тілектеспіз.

Киелі шаңырақтың мәртебесі өсіп, өмірдің өрінен көріне берсін. Сіздерге зор денсаулық, сәттілік және шығармашылық табыстар тілейміз!

 

Құрметпен,

» Халықаралық педагогикалық шығармашылық

пен ғылымның дамуын қолдау қоры»Қоғамдық қоры.