Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің еріктілері гуманитарлық көмекке үлес қосты

Жұбанов университетінің еріктілері гуманитарлық көмекке үлес қосты

Жұбанов университетінің студенттері еріктілер қатарында үнемі қайырымдылық шараларының басы-қасында жүреді.

Жойқын зілзаладан зардап шеккен Түркия Республикасына Ақтөбе облысынан жіберілген гуманитарлық көмекке Жастар ресурстық орталығымен бірлесе Жұбанов университетінің 50-ге жуық студенттері де атсалысты.

Гуманитарлық жүкте аса қажетті жылы киім-кешектер, азық-түлік, балаларға арналған тағамдар, төсек-орын жабдықтары, тұрмыстық және жеке гигиеналық заттар бар.

Барлық тауарларды жинау, қаптау жұмыстары Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайында ұйымдастырылды.