Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет белсенділері республикалық студенттік форумға қатысты

Университет белсенділері республикалық студенттік форумға қатысты

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде еліміздің жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен «СЕНІҢ СӘТІҢ» республикалық студенттік форумы өтті.

Форумға Жұбанов университетінің белсенді студенттері қатысып келді.

Шара барысында тренингтер, концерттік бағдарлама, дәстүрлі садақ ату өнерінен шеберлік сағаты өткізіліп, жоғары оқу орындарының базаларында жүргізілетін жобалар таныстырылды. Сонымен қатар жастардың ой-пікірлері тыңдалды. Студенттер Kazakhstan Student’s Union жаңа бірлестігін құру туралы бастама көтерді. Спикерлердің айтуынша, бұл жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларының бірлестігі, ол студенттердің мүдделерін қорғайды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттік бірлестік құру бастамасын қолдайтынын атап өтті.

Айта кетейік, жастардың ынтымақтастығын арттырып, олардың бойындағы ұлттық құндылықтар мен жаңа ойлау дағдыларын қалыптастырып, жастар арасында достық қарым-қатынас орнатуға бағытталған форумға еліміздің 54 жоғары оқу орнынан 150-ге жуық студент қатысты.