Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенті Шаңғы жарысынан жеңіске жетті

Университет студенті Шаңғы жарысынан жеңіске жетті

5-13 наурыз күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында өткен Шаңғы жарысынан 4-ші Қысқы жастар ойындарында Жұбанов университетінің студенті жеңіске жетті.

Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенті Ернұр Бексұлтан 15 км классикалық жүрісте және 20 км еркін жүрісте қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды иеленді.

Айта кетейік, аталған жарысқа еліміздің 12 облысынан 240-қа жуық спортшы қатысты.

Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!