Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Менторлықтың перспективалары талқыланды

Менторлықтың перспективалары талқыланды

Ғылым айы аясында Жұбанов университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары және менторлық  тәжірибемен айналысып жүрген қала мектептерінің мұғалімдері воркшопта бас қосты.

Іс-шараны жүргізген «Педагогика, психология және бастауыш оқыту» кафедрасының оқытушысы Райбек Сағадатов бұл тақырыпты талдаудағы негізгі мақсатына тоқталды.

—           Негізгі мақсатымыз — оқушының қажеттілігін өтеу немесе оқушы сұранысын қанағаттандыру. Сонымен қатар «Мұғалім мен оқушы» арасындағы менторлықтың перспективаларын кеңінен талқылау.  Біздің диологтік алаңға профессор-оқытушылармен қатар «Елбасы медалі» – өзін-өзі дамытуға арналған бағдарламасының менторлары, облысымыздағы жеке мектептер мен қосымша білім беру орталықтарының тәлімгерлері қатысты, — дейді Райбек Сағадатов.

Айта кетейік, «Менторинг негіздері: мұғалім мен оқушы» тақырыбындағы воркшоп жұмысы «Білім беру саласындағы менторингтің ғылыми-теориялық негіздері», «Менторлық жүргізудің әдістемелік мәселелері», «Менторлық тәжірибе» және «Ментидің жетістігі» бағыттарында жүргізілді.