Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері талқыланды

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінің профессор-оқытушылар құрамына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша сабақ өткізілді.

Оқу процесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты жүргізу үшін жоғары оқу орындарында электр қондырғылары, химиялық және радиоактивті заттар, әртүрлі жабдықтар, стендтер, станоктар кеңінен қолданылады. Олардың қолданылуы белгілі бір қауіп төндіруі де мүмкін. Зерттеу орталықтарындағы химиялық және тағы басқа заттармен байланысты бірқатар жұмыстардың да қауіптілігі жоғары.

Осыған орай сабақ барысында қатысушылар білім беру үдерісіндегі студенттердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы жаңа дағдыларды игерді.

Айта кетейік, студенттердің оқуы мен қызметкерлердің жұмысы үшін қолайлы жағдай жасау оқу орнының басты міндеттерінің бірі. Университетте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үнемі аудиториялар, зертханалар, шеберханалар және басқа да ғимараттарға тексеріс жүргізіліп отырады.