Четверг, Май 2, 2024
Басты > Білім > «Zhubanov Олимпиадасы»: білімді жастарға берілген мүмкіндік

«Zhubanov Олимпиадасы»: білімді жастарға берілген мүмкіндік

Жұбанов университетінде 11 сынып оқушыларына арналған «Zhubanov Олимпиадасы» өткізілді.

Олимпиадаға Қызылорда, Тараз, Шымкент, Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар, Өскемен, Қарағанды және Ақтөбе қалалары мен аудандарынан 2000-ға жуық оқушылар қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар физика-математика, математика-информатика, биология-география, химия-биология, география-дүниежүзі тарихы, география-шетел тілі, математика-география, дүниежүзі тарихы-құқық негіздері, қазақ тілі-қазақ әдебиеті,орыс тілі-орыс әдебиеті,шетел тілі-дүниежүзі тарихы,музыкалық білім, хореография, мәдени-тынығу жұмысы бағыттары бойынша бақтарын сынады.

Байқау екі кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар бейіндік пәндер бойынша тестілеуден өтсе, екінші кезеңде практикалық тапсырмаларды орындады.

Бірінші орын жеңімпаздары Қ.Жұбанов атындағы білім беру грантын, екінші орын иегерлері оқу ақысына 50% жеңілдік, үшінші орын алғандар 35% жеңілдік берілген сертификаттарға ие болды.

Айта кету керек, гранттар мен жеңілдіктер сертификаты жобада қатысқан бағытына қарай университетке тиісті мамандыққа ақылы түскен жағдайда ғана жарамды.