Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде көрме-квест өтті

Жұбанов университетінде көрме-квест өтті

Бүгін Жұбанов университетінің базасында «Ғылым айы» аясында «ҒылымLanD» көрме-квесті өткізілді.

Квестке 5 команда, атап айтсақ Ә. Ермеков атындағы  №23 мектеп-лицейі, әл-Фараби атындағы №51 мамандандырылған гимназия, № 27 мектеп-лицейі, М. Құрманғалиева атындағы №32 гимназия, М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының командалары қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты- оқушыларды ғылымға қызықтыру және университеттің ғылыми қызметімен таныстыру.

Университеттің әр факультеті оқушыларды өздерінің «ғылыми аралында» қабылдады. Онда оларды әртүрлі қызықты тапсырмалар күтіп тұрды.

Әр команда үшін студенттік парламенті мүшелері арасынан жетекші тағайындалды. Ол аралдарда ойыншыларды басқарып отырды.  Бұл көрме-квест болғандықтан, оқушыларға эксперименттер ұйымдастыруға, әртүрлі құрылғыларға, материалдарға, реактивтерге қол тигізуге рұқсат етілді. Қызықты тапсырмалардың ішінде бензой қышқылын сублимациялау арқылы колбада қар және алтын жаңбыр, жасанды қан алу, жанартау атқылауын имитациялау, дұрыс емес пішіндегі жүктің салмағын анықтау, роботтарды жобалау, майонез, йогурт алу процесі, мольбертпен сурет салу, әуен ритмін болжау және тағы басқалары болды.

Барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін ұйымдастырушылар командалардың маршруттық парағындағы ұпайларды есептеді Квесттің қорытындысы бойынша біірінші дәрежелі дипломмен М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының командасы марапатталды. Екінші орынды М. Құрманғалиева атындағы  №32 гимназия командасы, ал үшінші орынды Ә.Ермеков атындағы №23 мектеп-лицейі командасы иеленді.

Балалардың айтуынша, олар алғаш рет осындай форматтағы байқауға қатысқан. Олар шарадан ұмытылмас әсер алғанын, ғылымның әрбір аралы олар үшін жаңа білім ашқанын айтты.