Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қазақстан бойынша ең ірі Web3 хакатоны басталды

Қазақстан бойынша ең ірі Web3 хакатоны басталды

26-28 мамыр аралығында Жұбанов университетінің базасында decentrathon хакатоны өтуде. Бұл еліміздің 9 өңірінде 15 жоғары оқу орнында бір мезгілде өткізілетін алғашқы анимациялық және ең ірі Web3 хакатоны. Жарыс онлайн және офлайн форматта өтеді.

Ақтөбе қаласы бойынша Хакатонға 50-ге жуық студенттер мен оқушылар қатысуда.

Дарынды жастар үшін бұл 72 сағаттық сайыста өз әлеуетін көрсетудің және 10 мың доллар құрайтын жүлде қоры иегерлерінің бірі болудың бірегей мүмкіндігі.

Айта кетейік, Хакатон — бұл  өз клиенттері үшін командалар белгілі бір уақыт аралығында бағдарламалық жасақтама жасауы керек интеллектуалды жарыс.  Ал Web3 — бұл болашақта интернетті жаппай пайдаланушылардың жаңа тұжырымдамасы. Жаңа сала енді ғана қолданысқа енгізілуде.