Среда, Май 1, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Халықаралық сертификаттар балдарын магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды

Халықаралық сертификаттар балдарын магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды

Биыл магистратураға түсу үшін халықаралық сертификаттар балдарын кешенді тестілеу балдарына ауыстыру шкаласы енгізілді. Шкала ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығында жарияланды.
Шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар болған кезде магистратураға түсуші шет тілі бөлімінен өз қалауымен босатылады. IELTS Academic; TOEFL IBT (ағылшын тілі); DSH, TestDaF-Prufung (неміс тілі); TFI, DELF, DALF, TCF (француз тілі) сертификаттарының иегерлері өз балдарын ауыстыру шкаласына сәйкес конвертация жасайды. Ол үшін тестке қатысушы КТ-ға тіркелу кезінде сертификаттың барын және балын белгілеуі қажет, сондай-ақ оны жоо-ның қабылдау комиссиясына грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде оқу үшін ұсынады.
GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде «Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы», «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» бойынша магистратураға түсушілер оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тесттен және шет тілі бөлімінен; оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тесттен өз қалауымен босатылады.
КТ-ға тіркелу кезінде GRE сертификатының мәліметтерін енгізіп, жүктеу қажет. Конвертация грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде оқу үшін өтініш берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде «Бизнес және басқару» бойынша магистратураға түсушілер КТ тапсырудан өз қалауымен босатылады. GMAT иегерлері сертификатты грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде оқу үшін жоо-ның қабылдау комиссиясына тапсыру керек.
/gylym.jogarybilim/