Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков қытайлық студенттер алдында дәріс оқуда

Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков қытайлық студенттер алдында дәріс оқуда

Қытай  Халық  Республикасына сапары аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің ректоры, профессор, филология ғылымдарының докторы, профессор Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлы «Қазақ-қытай әдеби байланыстары» атты тақырыбында гуманитар мамандықтар студенттеріне дәріс оқуға шақырылды.

Орталық Ұлттар Университеті 56 ұлттың студенттері оқитын ең танымал қытай университеттерінің бірі болып табылады. ОҰУ — барлық пәндерді оқытатын, ұлттардың айқын ерекшелігі көрінетін білім ордасы. Университетте гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар пәндері негізгі болса, ал ұлттық ғылымдағы пәндер ерекше болып табылады. Студенттер гуманитарлық, жаратылыстану, политехникалық, медициналық, әкімшілік, педагогикалық, экономика және қаржы, заңгерлік, спорттық, көркемдік және т.б. салаларда білім алады.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ мен Орталық ұлттар университеті арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.