Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өңірде білікті педагогтерді даярлау басты назарға алынды

Өңірде білікті педагогтерді даярлау басты назарға алынды

Бүгін Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы — Ректор Лаура Қарабасова мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов педагогтердің үздіксіз кәсіби даму жүйесін құру бағыты бойынша ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы консорциалдық келісімге қол қойды.

Тараптар келісім аясында өңірлердегі педагогтер тапшылығы мәселесін шешу, білікті кадрлар даярлау мақсатында басқа мамандық өкілдерін мұғалімдікке қайта даярлау, яғни пост-дипломды педагогикалық білім беру – сертификациялық қайта даярлау курсының тиімділігін арттыру, тетіктерін дамыту бойынша бірлескен жұмыстар мәселесін талқылады.